Kaspersky Security Center Web Console орнату

Бұл бөлімде Kaspersky Security Center Web Console серверін (бұдан әрі Kaspersky Security Center Web Console деп те аталады) қалай бөлек орнатуға болатыны сипатталған. Алдымен ДҚБЖ және Kaspersky Security Center басқару серверін орнату қажет. Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасын, Kaspersky Security Center орнатылған құрылғыға немесе басқасына орната аласыз.

Kaspersky Security Center Web Console орнату үшін:

  1. ksc-web-console-<нұсқа_нөмірі>.<жинақ нөмірі>.exe орнату файлын әкімші құқықтары бар есептік жазбамен іске қосыңыз.

    Орнату шебері іске қосылады.

  2. Орнату шебері тілін таңдаңыз.
  3. Сәлемдесу терезесінде Келесі түймесін басыңыз.
  4. Лицензиялық келісім терезесінде Лицензиялық келісімді оқып, шарттарын қабылдаңыз. Орнату, Лицензиялық келісім қабылданғаннан кейін жалғасады, әйтпесе Келесі түймесі қолжетімді емес.
  5. Мақсатты қалта терезесінде Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасы орнатылатын қалтаны таңдаңыз (әдепкі бойынша %ProgramFiles%\Kaspersky Lab\Kaspersky Security Center Web Console). Мұндай қалта болмаса, ол орнату барысында автоматты түрде жасалады.

    Сіз мақсатты қалтаны Шолу түймесі арқылы өзгерте аласыз.

  6. Kaspersky Security Center Web Console байланыс параметрлері терезесінде келесі ақпаратты көрсетіңіз:
    • Kaspersky Security Center Web Console мекенжайы (әдепкі бойынша 127.0.0.1);
    • Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасы кіріс қосылымдары үшін пайдаланатын порт, яғни Kaspersky Security Center Web Console-ге браузерден кіруге мүмкіндік беретін порт (әдепкі бойынша 8080).

    Әдепкі бойынша мекенжай мен порт мәндерін қалдыру ұсынылады.

    Таңдалған порттың қолжетімді ме екенін тексергіңіз келсе, Сынақ түймесін басыңыз.

    Kaspersky Security Center Web Console журналына жазбаны қосқыңыз келсе, тиісті параметрді таңдаңыз. Бұл параметр таңдалмаса, Kaspersky Security Center Web Console журналының файлдары жасалмайды.

  7. Есептік жазба параметрлері терезесінде есептік жазбалар мен құпиясөздерді көрсетіңіз.

    Әдепкі бойынша есептік жазбалардың мәндерін пайдалану ұсынылады.

  8. Клиенттік сертификат терезесінде келесі параметрлердің бірін таңдаңыз:
    • Жаңа сертификатты құру. Егер сізде браузер сертификаты болмаса, бұл нұсқаны пайдалану ұсынылады.
    • Бұрыннан бар сертификатты таңдаңыз. Егер сізде браузер сертификаты болса, бұл нұсқаны таңдауыңызға болады. Бұл жағдайда, сертификатқа апаратын жолды көрсетіңіз.
    • Егер сіз сертификат жасауды таңдасаңыз, Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасын ашқан кезде, браузер сізге Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасына қосылудың жекеше емес екенін және Kaspersky Security Center Web Console сертификаты жарамсыз екенін хабарлауы мүмкін. Бұл ескерту, Kaspersky Security Center Web Console сертификаты өздігінен қол қоятындықтан және оны Kaspersky Security Center автоматты түрде жасайтындықтан пайда болады. Осы ескертуді жою үшін, сіздің инфрақұрылымыңызда сенімді болып саналатын және пайдаланушы сертификаттарына қойылатын талаптарға сәйкес келетін сертификат жасаңыз. Содан кейін, Бұрыннан бар сертификатты таңдаңыз терезесінде Клиенттік сертификат параметрін таңдап, пайдаланушы сертификатыңызға апаратын жолды көрсетіңіз.

    PFX пішіміндегі сертификаттарға Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасы қолдау көрсетпейді. Мұндай сертификатты пайдалану үшін, алдымен оны Windows операциялық жүйесіне арналған OpenSSL сияқты OpenSSL негізіндегі кроссплатформалық утилитаның көмегімен қолдау көрсетілетін PEM пішіміне түрлендіру қажет.

  9. Сенімді Басқару серверлері терезесінде Басқару серверіңіздің тізімде екеніне көз жеткізіп, орнату шеберінің соңғы терезесіне өту үшін Келесі түймесін басыңыз.

    Тізімге жаңа Басқару серверін қосу қажет болса, Қосу түймесін басыңыз. Ашылған терезеде жаңа сенімді Басқару серверінің сипаттарын көрсетіңіз:

    • Басқару серверінің атауы

      Kaspersky Security Center Web Console веб-консоліне кіру терезесінде көрсетілетін Басқару серверінің атауы.

    • Басқару серверінің мекенжайы

      Басқару серверін орнатып жатқан құрылғының IP мекенжайы.

    • Басқару серверінің порты

      Kaspersky Security Center Web Console веб-консолі Басқару серверіне қосылу үшін пайдаланатын OpenAPI порты (әдепкі бойынша 13299).

    • Басқару серверінің сертификаты

      Сертификат файлы Басқару сервері орнатылған құрылғыда сақталады. Басқару серверінің сертификатына әдепкі бойынша апаратын жол:

      • Windows операциялық жүйесі бар құрылғылар үшін: %ALLUSERSPROFILE%\Application Data\KasperskyLab\adminkit\1093\cert.
      • Linux операциялық жүйесі бар құрылғылар үшін: /var/opt/kaspersky/klnagent_srv/1093/cert/.

      Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін Басқару сервері орнатылған құрылғыға орнатып жатсаңыз, жоғарыдағы жолдардың бірін пайдаланыңыз. Немесе Басқару сервері орнатылған құрылғыдан сертификат файлын Kaspersky Security Center Web Console орнатып жатқан құрылғыға көшіріп, сертификатқа жергілікті жолды көрсетіңіз.

  10. Есептік деректер және қатынасу диспетчері (IAM) терезесінде Identity and Access Manager (бұдан әрі IAM деп те аталады) орнату керек пе екенін көрсетіңіз. Есептік деректер және қатынасу диспетчерін орнатуды таңдасаңыз, келесі порт нөмірлерін көрсетіңіз:
    • KAS әкімші порты. Әдепкі бойынша, 4445-порт OAuth2.0 авторизациясының соңғы нүктесі портына арналған Kaspersky Security Center Web Console конфигурациясын алу үшін пайдаланылады.
    • Facade әкімші порты. Әдепкі бойынша, 2444-порт Есептік деректер және қатынасу диспетчерін конфигурациялау үшін қолданылады.
    • Facade өзара әрек. порты. Әдепкі бойынша, 2445-порт Kaspersky OSMP KAS Service сервисін Kaspersky OSMP Facade Service сервисіне қосу үшін қолданылады.

    Сіз әдепкі бойынша порт нөмірлерін өзгерте аласыз. Болашақта сіз оларды Kaspersky Security Center Web Console арқылы өзгерте алмайсыз.

  11. Орнату шеберінің соңғы терезесінде, орнатуды бастау үшін Орнату түймесін басыңыз.

Орнату сәтті аяқталғаннан кейін, жұмыс үстелінде таңбаша пайда болады және сіз Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасына кіре аласыз.

Microsoft Management Console бағдарламасына кіріктірілген Басқару консолінде іске қосылмаған болса, Басқару серверін жылдам іске қосу шебері іске қосылады.

Ақаулықтарды жою

Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасы браузеріңізде сіз көрсеткен мекенжай бойынша көрсетілмесе, келесі әрекеттерді орындап көріңіз:

  1. Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасы орнатылған құрылғының көрсетілген атауының немесе IP мекенжайының дұрыстығын тексеріңіз.
  2. Сіз жұмыс істеп жатқан құрылғының Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасы орнатылған құрылғыға қатынаса алатынына көз жеткізіңіз.
  3. Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасы орнатылған құрылғының желілік экран параметрлері 8080-порт арқылы және node.exe қолданбасы үшін кіріс қосылымдарына рұқсат беретініне көз жеткізіңіз.
  4. Windows ОЖ-де Қызметтер терезесін ашыңыз. Kaspersky Security Center Web Console іске қосылғанына көз жеткізіңіз.
  5. Басқару консолі арқылы Kaspersky Security Center бағдарламасына қатынаса алатыныңызға көз жеткізіңіз.
  6. Windows операциялық жүйесінде Оқиғаларды көру терезесін ашып, Қолданбалар мен қызметтер журналыKaspersky Event журналы тармағын таңдаңыз. Оқиғалар журналында қателер туралы жазбалар жоқ екеніне көз жеткізіңіз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін орнату және бастапқы конфигурациялау

Kaspersky Security Center Web Console жаңарту

Сценарий: желі қорғанысын конфигурациялау

Саясаттарды конфигурациялау және тарату: құрылғыларға бағытталған тәсілдеме

Kaspersky Security Center Web Console Есептік деректер және қатынасу диспетчері

Басына оралу